Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  149


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Құстар отбасы

Көктем бойға дəруін таратқанда,
Алғыс айтып дүниеге, Жаратқанға.
Жанарымыз жасаурап қараушы ек қой,
Тырна көші тыраулап баратқанда.
Алакайлап, асқанда барқын қырдан,
Қауырсыны жаралған алтын нұрдан
Жатыр құсың əнеки, быт-шыт болып,
Бір кездері қияға талпындырған.
Көз алдымда сұлулық жоғалды оңай,
Келеді өлім қашанда хабарламай...
Күйелеш боп өртенген аққу, қаздар,
Жауып кетті өлкені обалдағы-ай!
Əлі талай қанша құс жол үсті өлер,
Денелерін құм басып, тегістелер...
Атыраудай өлкесін құлай сүйген,
Қош болыңдар, қанатты періштелер!
Мынадан соң сенімі күйер, семіп,
Түбі бəрі кетпесін жиіркеніп.
Құлсарыда қырылған құспен бірге,
Түсімде ылғи жүремін жиі өртеніп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу