Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  87


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Қайта ұшасың сен ертең

Ернар Тайжанға
Қарау қайғы аласұрып,
Талайларға ішкізді ірің.
Бар өмірде қара сызық,
Толғай тартқан түпсіз жылым...
Тағы бірін тұсады əне,
Бұл тірлікте жоқ тамаша əн.
Жылы ұяңнан ұша бере,
Майып болдың ақ балапан.
Қинама өмір, нағыласың?
Ернарымды жолға шақыр.
Айналайын, жазыласың,
Іштей гүлдеп сəл жата тұр.
Бітіп қалар пəни демде,
Біл, жалғанның балдай дəмін.
Көрінгенді жани берме,
Сақта төзім – шарқайрағын.
Шыңыраудан жар басына,
Шығасың сен, жүр босамай.
Сұм тағдырдың қауғасына,
Ере шыққан құрбақадай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу