Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  92


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Ерсайын Жапақовқа

Жаза бассам көз алдыма сен келер,
Мынау сұрқай тіршілікке өң берер.
Дəл өзіңдей жүрген шығар əр жерде,
Шыбынға да қастығы жоқ пенделер.
Ала жібін аттамадың бөтеннің,
Демедің сен “жалғызбасты екенмін”,
Құмырсқа да зауықтасып жатқанда,
Ұят қой деп үйленбеген əпендім.
Қу қарынның тапсаң да əрең кебегін,
Жағаң жайлау, төбең қыстау, көк егін.
Жалмауыз бен жəдігөйлер ішінде,
Сен де жүрсің күліп-ойнап, бөбегім.
Көлеңкеде киіз төсеп шалқалап,
Біз жатқанда сырамызды орталап.
Жүретінсің қара тер боп шілдеде,
Кіл міскінді, кембағалды арқалап.
Опа берген алтын менен күш кімге,
Əуел бастан нұрлы жолға түстің де...
Сен бейіштің адамысың ертеңгі,
Күліп тұрар сират көпір үстінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу