Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  102


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Фариза Оңғарсыноваға

Күйді дене тағдырдың шырасына,
Бұл пəниде кім жеткен мұратына?
Ішім удай ашыды, сонда-дағы,
Болады-ау деп қу өмір рəсуа.
Айналама қарадым көп мұңдана,
Қыбыры жоқ сияқты шексіз дала...
Осы жылдар ішінде жəмиғаттан,
Хал сұраған, қол созған тек сіз ғана.
Қаншама жыл, Бекет-ау, сусып өткен,
Сол жылдармен мəтөк күн, күлкі кеткен.
Сыңсыған əн, зіл қайғы, сағыныштар,
Енді мені шырмап ап уһілеткен.
Обалым жоқ, ойнақтап есер жандай,
Жұқтырдым-ау бойыма кеселді оңбай.
Қалдым жалғыз көктемде қора алдында,
Жайылатын тізерлеп мешел қойдай.
Қала бердім басымды шайқап сонда,
Бақыт құсы ұшарын байқатқан ба?
Ұшып кетті япырмай, құлатар ма ем,
Көптеу салып дəрісін қайта атқанда...
Уақыт деген – ғұмырдың құлғанасы,
Бəрін іштей сезеді қыр баласы.
Ұрыса бермей, апатай, маған да бір,
Жақсысымен көзіңнің бір қарашы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу