Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  78


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Жақындашы, жұлдызым

Түн келгенде далаға қарауытқан,
Көк төсінде маздайтын балауыз шам.
Сен ғарышта, мен жерде ымдасамыз,
Бас айналар осынау аралықтан.
Құлағыма жетпейді өз дауысың,
Кінəлама қолымды созған үшін.
Таң атқанша аңдимын сол жұлдыздың,
Қас – қабағын, қимылын, қозғалысын.
Алыстасың, қайтейін ұяң бала-ай,
Жалғыздыққа мен сені қиям қалай.
Уақыт болып бір күні ақсаң егер,
Ғашығыңды жердегі құла аймалай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу