Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  82


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Дүние байтақ, мен бір жəй ергежейлі...

Дүние байтақ, мен бір жəй ергежейлі,
Жүрген сайын көрмеген жер көбейді,
Аяғымды ауылдан аттап бассам,
Арт жағымды ақ сағым перделейді.
Уақыттар-ай, жорғадай тайпалаған,
Мен жетпеген жерлерге айта бар əн.
Бəрін көргің келеді, ғұмыр қысқа,
Ауылыма сағынып қайта оралам.
Қарамастан аптап пен борасынға,
Соғып əрбір бекетке, қарасынға.
Жел көтерген парақтай кетіп барам,
Мезгілдердің мұнары арасында.
Жүгіргенмен алдымнан сағымды айшық,
Мен де бір күн солармын, қазым кайтып.
Соңғы делде сыр ашар жер тар болар,
Осы кезде қалайын назымды айтып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу