Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  87


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Әкем Сұпығалиға

Тірлігіңе күз кіргенде,
Түпсіз ойлар қажайды иен,
Кəрілікке тізгін берме,
Қажыма, əке, əз-əулием!
Жасар едім ғани-сəби,
Сұм уақытқа келмейді əлім.
Мына бізді жани-жани,
Таусылдың ба, шар қайрағым?
Құмар болмай жайдарманға,
Тіккен мəңгі жырға басын.
Сен арналы сай болғанда,
Мен едім ғой бір қолатың.
Көңіл алаң, күпті жүрек,
Көздей ме деп мерген жасын.
Жол көп əлі жықпылы көп,
Сен жығылма, керуен басым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу