Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  80


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Тоқтар ұшқанда

Қойнауында сиқыр жолдар жосылған,
Аспан елі жеткізбейтін алыс төр.
Зеңбірекке тірі салып атылған,
Байзақ датқа ең бірінші ғарышкер.
Қаның ысып, бойды кернеп ақжарма əн,
Жөнің бар-ау көкдауылдай паңданар.
Қазақ көгі қағанағын қақ жарған,
Екіншісі – Тоқтар ноян сен болар.
Қалғып кеткен санамызды бір іркіп,
Жирендердің басып желік, байызын.
Көні кепкен ұлы ерлікті тірілтіп,
Мұсылманның қандырдың-ау айызын.
Дүниені шайқап өткен аймаңдай,
Ерлер аз ба біздің байтақ Тұранда?
Егер маған билік берсе ойланбай,
Есіміңді жазар едім құранға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу