Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  98


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Біздің тірлік

Бара жатыр күн сайын үміт деген
ғажайып,
Қой жалаған дамылсыз, қара тұздай
азайып.
Сүлде сынды көлеңке иектейді ел
жатпай,
Аманаттар анталап, сығады кеп
толғақтай.
Ешкімге де пайдам жоқ, опат қыппын
көп күнді,
Босағаға жабысқан арам шеміршек –
сынды.
Көрінсін деп көтерді ел, біз шықпаған
қырқадан,
Айдын мұзда таймайтын азамат боп
нілтабан.
Жасаймын деп бір ерлік, көктем алдап,
қыс алдап,
Туған елім саған да болыппын-ау
мысалдат.
Бір Алланың қолында, тағдырымның
бұйдасы,
Туу, өлу озалдан фəни-дүние мирасы.
Жанарымды шел басты, түк көрмеймін
тозаңнан,
Жүгерідей шоршимын, шыға алмаймын
қазаннан.
Ғаламшардың жаншиды, бар қайғысы
жиылып,
Отырамын түндерде марту басып бұйығып.
Салалаймын ұстап ап, сылқым ойдың
елесін,
Күзенге ұқсап іңірде, аттың жалын
өретін.
Шығам арман арқалап, əрбір таңда
ататын,
Кешке қарай құлаймын, жетпей
қалып шақатым.
Аламандар шуласып, жүрер жолға
кілем сап,
Өлтірмесең əйтеуір, бір келерсің
шүлен – сəт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу