Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  96


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Қыс келді міне

Құлазып маңай, азды мекенім,
Тұрсам да налып, бəрін құптадым.
Біздер отырған жазғы кафенің,
Қар басып қапты орындықтарын.
Майхана жақка барайық бүгін,
Айығам ойдан басқанда үймелей,
Көкжиекпенен орағытты күн,
Алапестерден қашқан күймедей.
Мейрамдар біздің тойланып болған,
Жып-жылы бақтар, ұйықтар қайда?
Қаланы қимай айналып қалған,
Ұқсаймын мен де суық торғайға.
Күтемін сені кеш келер бақыт,
Шашымның мынау көбейсе де ағы.
Тоқтасам болды ешкіемер уақыт,
Жастық күнімді жебей сауады.
Естелік көшін жалғаймын сосын,
Құлаққа келер үзіккен үндер...
Құлазығанмен болмайды досым,
Сол жаздан қалған қызықпен күн көр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу