Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  104


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Жібек Оңбас болсайшы

Менің де бір сұлу ботам бар еді,
Онсыз маған жаһан ғалам тар еді.
Бала – мүсін қол бұлғайтын қиуадан,
Көздері оның ін түбіндей қара еді.
Осы қалпың тұрса деуші ем бұзылмай,
Қарау қиын толқынданбай, қызынбай.
Шалқан маймен шашын тарап шыққанда,
Жұмақтағы мисал хордың қызындай.
Əуеніңе əуелетіп қостым əн,
Қуаныштан болар маңай тас-тұман.
Жолбарыстың бауырындай ақ үлпек,
Сүйген кезде тамағыңның астынан.
Нұрдың қызы сені əкетті тарау із,
Есейдің бе... балапан ең сарыауыз.
Сəл көрмесек өліп-өшіп сағынып,
Жүректерден тамшылайтын балауыз.
Ағын судай кетті жылдар гүрілдеп,
Енді сол кез тек санада тірілмек.
Көк шілтерлі терезеңнің алдында,
Тұрушы едім ғаси жүрек дірілдеп.
Сұлулыққа уақыт деген таза жау,
Сүйгендерді қоспай мəңгі жазалау,
Бірте-бірте ашудастай ақ денең,
Піте түскен ақ киіздей тозады-ау.
Бір үзілсе адамдардың асылы-ай,
Жан едің бір жүрегіме жаны сай.
Айтып-айтпа енді бəрі мəкру,
Дейміз-дағы: “Бізді ойлай жүр таныс-ай”!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу