Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  169


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Отырар

Жоқ бұл жерде жиын, дүбір,
Талқан қылған құйын ғұмыр.
Ұлы Отырар дегеніміз –
Жаншошырлық үйінді бұл!
Көп долбармен жанаспаған,
Сенде сыр көп жан ашпаған.
Тасбақадай бұғып алмай,
Тіл қатсаңшы көне астанам.
Кенттерімді қиратты есіл,
О, Шыңғысхан, зиратта өкір!
Сен жасаған күнəлардан,
Сықырлайды сират көпір.
Қаза болдық кезде өрімдей,
Жап-жас едік өздеріңдей.
Жеп құмыра сынықтары,
Сөйлейді ару көздеріндей.
Дір еткізіп ет-жүректі,
Естіледі мұңлы тырау.
Кəрі тарих өтті-кетті,
Бізге қалды түрлі сұрау.
Талай ақын толғар, қалқам,
Шапағатың қолдар дархан.
Топырағын бойтұмар ғып,
Тағайықшы кел, Қалдархан!
Мейірленіп барқыт күзге,
Қала бердің қалқып түзде.
Беу, Отырар, жібердің-ау,
Бар мұңыңды артып бізге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу