Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  110


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Өтірік десең өзің айт ақ-төресін...

Өтірік десең өзің айт ақ-төресін,
Біреулердің лықытып бақ кересін.
Бір жақсыны көп іздеп тапсам болды,
Көзің қимай тағдыр-ай, шап бересің.
Куəсі боп санадан өшкен кездің,
Кетесің-ау, біріне тас пен жездің.
Үздігеміз, қия алмай мөлдірейміз,
Арасында қоштасып қас пен көздің.
Азынайды көп ойлар, көп барабан,
Ортасында мен тұрмын көкпар адам.
Сені қалқам, əп-сəтте пойызыңмен
Жұтып қойды қара түн, қап-қара аран.
Сапар – алыс, əлі айнам сан кешем жол,
Жаным таза сен үшін сенбесең, көр.
Жер – домалақ, дəм жазса жолығармыз,
Қарындас-ай, амал не, енді есен бол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу