Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  93


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Бала кезде жоқ адамның аласы...

Бала кезде жоқ адамның аласы,
Жүре ілінер барлық күнə, бар айып.
Ұяда аппақ кара құстың баласы,
Ұшар кезде кетеді екен қарайып.
Аттамастан ала жіпті ғұмыры,
Мейлі, тағдыр берсін саған аз-аздан.
Болсаң-дағы көрінетін сіңірі,
Қандай жақсы тіршілікте таза ождан.
Ана жылғы оқиға боп əр іңір,
Қап-қара түн сияқты бір тау іші,
Жаңғырығып жатқызбайды бəрібір,
Зар жылатып кеткен жанның дауысы.
Жөңкілу мен көктем өтсін, жаз өтсін,
Ұмыт болып қалмассың сен кең жерде.
Айтыңдаршы, жарандар-ау, не жетсін,
Ақ кебінге аппақ болып енгенге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу