Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  128


Автор: Ибрагим Иса

Біз екеуміз

Қасымда жүрсе екен деп сені,
Өзіңді іздеп мен жиі барамын.
Әйтеуір көрсем деп тек сені,
Күн сайын тек саған алаңмын.
Көңілім өзіңмен арайлы,
Жүректе жүремін атыңды жаттап.
Аңсаған ай ғана қарайды.
Шаршаған сағат та тұр тоқтап.
Естімейсің бе жүрегімнің дүрсілін,
Есігіңе келіп тұрмын.
Қайырмасы:
Білерсің әлі мені,
Қайтесің жүректі бөлшектеп,
Армандап келем үнемі сені,
Біз екеуміз бөлінбей жүрсек деп.
Күлкіңді көргім кеп сенің шат,
Күн сайын аңсаумен тұрамын.
Сияқтысың тәкаппар қуыршақ,
Жанарыңның шашшы шуағын.
Тартатын саған қарай,
Бір күш бар өзім де түсінбейтін.
Лаулаған сезімді қалай,
Айтсайшы жылы сөз өшірмейтін.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу