Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  262


Автор: Ибрагим Иса

Жан - жарым

Сағыныш боп ұшарымда,
Сезімімді тұсадым да,
Қалдым мәңгі құшағыңда,
Сездім де жан шуағыңды.
Қиын екен сезім деген
Кездескенде өзіңменен,
Шын бақытты сезінген ем,
Аңсаған менің жан-жарым!
Қайырмасы:
Бағымсың ғой,
Жүрек жоқ қой аңсамайтын.
Әнімсің ғой,
Сағынып мәңгі шырқайтын.
Шаршап едім,
Өтті күнім жолығар деп
Аңсап едім
Іздесем табылар деп,
Барады бағым өрлеп,
Өзіңе құлаған жаным!
Аялаған арманым боп,
Жолығар деп жан-жарым боп,
Үмітімді жалғадың кеп,
Қалдың мәңгі қорғаным боп.
Өзіңменен табысқалы,
Көңілсіз күн алыстады,
Бір қуаныш қоныстады,
Бақыттың барын сезіндім мен.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу