Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  742


Автор: Ибрагим Иса

Достар әні

Бас қостық достар бүгін,
Бас қостық сағынысып.
Шырқайық достар жырын,
Бокал толы, шарап ішіп,
достарым!
Қайырмасы:
Көтерейік кәне, достар, махаббат үшін!
Үзілген нәзік үміттер, қайта жалғансын!
Көтерейік кәне, достар, мол бақыт үшін!
Осы күнге жете алмаған, жан достар үшін!
Халайық, қол соғайық,
Қосылып ән салайық,
Билейік шаршамайық,
Қуанышпен қарсы алайық,
ақ таңды.
Қайырмасы:
Жүректе қоштасқанда,
Достықтың әні болсын.
Сағынып, бас қосқанда,
Барлығы да аман болсын
ағайын!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу