Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  214


Автор: Ибрагим Иса

Туған күніңмен

Көкірегімнен күй ақты,
Көктем келген сияқты,
Биле, кел еркем,
Бүгін мерекең,
Қымбат осы күн,
Асылым!
Тұнығындай қайнардың,
Жанарыңнан айналдым.
Биле, кел еркем,
Бүгін мерекең,
Қымбат осы күн,
Асылым!
Қайырмасы:
Жүрегімді жырлаттым,
Сағынышпен тіл қаттым.
Ең қымбат Күн мен үшін,
Туған күнің, қымбаттым!
Шаттығыңа тамсанып,
Дүние тұр ғой ән салып.
Биле, кел еркем,
Бүгін мерекең,
Қымбат осы күн,
Асылым!
Айналайын көркемім,
Шуақ болсын ертеңің.
Биле, кел еркем,
Бүгін мерекең,
Қымбат осы күн,
Асылым!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу