24.05.2022
  5368


Автор: Ибрагим Иса

Балама тілек

Тәй-тәй басқан бөпешім шуағым,
Жанымдағы желбіреген құрағым.
Кесілді ғой тұсауың, дәстүрмен,
Шапқылашы сүрінбей шырағым.
Қайырмасы:
Батыр болар ме екенсің,
Алып тұлғалы.
Ақын болар ма екенсің,
Жарқын жырлары.
Әкім болар ма екенсің,
Елін сыйлайтын.
Тұңғышымсың сен менің бастауым,
Уақыт деген өтеді-ау қас-қағым.
Алла жар боп шыңдарға шарықта,
Аса берші өмірдің асқарын.
Қайырмасы:
Әке жолын үзбейтін жол болшы,
Жалғастырар ұрпақты сен болшы.
Маңдайыңнан айналдым күнім менің,
Сегіз қырлы бір сырлы ер болшы.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу