Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  529


Автор: Ибрагим Иса

Әпкетай

Өзіңсің бүгінгі бар әнім
Жаныма жылу боп тарадың
Жүрегім жүрегіңде
Махаббат мейірімі ананың
Сияқты мәңгілік қорегім
Сен мені бақытқа бөледің
Әпкетай өзің барда
Бүгілмей, сүрінбей келемін.
Қайырмасы:
Әпкетай қуанышым
Өзіңсің ай-күнім
Армандай айдыным
Бастадым мерекем
Бақытым байлығым
Мәңгілік мерекем
Әпкетай бәрі де бар бүгін,
Сен барда қуаныш әр күнім.
Тілектің саған деген,
Мен қалай жеткізем барлығын.
Уақыттың екпіні желкелеп,
Есейіп кеттің бе ертерек,
Барғым кеп, тұрады әр кез,
Өзіңе анамдай еркелеп.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу