Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  73


Автор: Ибрагим Иса

Ару алматым

Басқа жақтан,
Басқа бақтан,
Келсем түрің бөлек сенің.
Әнің ұшқан
Сағыныштан,
Сен не ғылған ерекше едің.
Шырындайын,
Суың дайын,
Қанып ішсем таусылмаған.
Тастарың да,
Аспаның да,
Сағыныштан сусындаған.
Қайырмасы:
Басқа қала,
Астанаға
Айналса да
Сәнің бөлек
Алматымсың.
Алатауың –
Ақ отауың,
Жаның желек,
Алматымсың.
Сәнің бөлек,
Жаның бөлек,
Алматымсың.
Қаймақ түнің,
Оймақ күнің
Арулардың келбетінде.
Сенбей қалам,
Сендей қала,
Бар десе егер жер бетінде.
Жұлдыз бақтан,
Бір қыз тапқан,
Бозбаланың бақытын-ай!
Тауды құшып,
Жерге түсіп,
Жатқан әсем жақұтым-ай!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу