Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  102


Автор: Ибрагим Иса

Сағым-дүние

Көңіл бейне-бала,
Салған сайран-ай, а-хау!
Өтер үнсіз ғана,
Күндер қайран-ай,
Жай байқалмай!
Қайырмасы:
Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!
Жаның кімге айна,
Бейне көшкен-ай, а-хау!
Алтын сәуле қайда,
Саған түскен-ай,
Ей, арман-ай.
Қайырмасы:
Уақыт шіркін өтпей,
Тұр ғой асықпай, а-хау!
Сүйгеніне жетпей
Қалған ғашықтай.
Ей, өмір-ай!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу