Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  96


Автор: Ибрагим Иса

Ару ана

Ақ үміт жаңбырменен,
Армансың сан гүлдеген.
Сағыныштарды құшағында,
Өзіңсің әлдилеген.
Әлдиің әуенің-ай,
Жұпарым-ай, желігім-ай,
Қайыспас қара нардай,
Майыспас мәуелім-ай.
Қайырмасы:
Өшпейді ғой өсиетің Ару Ана,
Қасиеттім Ару Ана.
Қадірімді биіктеткен Ару Ана,
Сүйікті еткен Ару Ана.
Бәрін кешіретін өзің, Ару Ана,
Бізді сүйіп кеткен Өзің, Ару Ана.
Шуағың қандай жарық,
Тұрамыз таңдай қағып.
Жүресің ғой жанымызда,
Арман боп жырға айналып.
Аналық кейіпіңменен,
Сезімдейсің үлпілдеген.
Тіршілік құрсағында,
Бақыт боп бүлкілдеген.
Қайырмасы:
Төгіліп таңдайлардан,
Аяулы әнге айналған.
Мәңгілікке айналады,
Адамзат сендей жаннан.
Күтетін есік ілмей,
Бақытымның бесігіндей.
Жүректен бұл жалғанда
Қаласың өшірілмей.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу