Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  185


Автор: Ибрагим Иса

Кешір мені

Сағынышым қонды алыс,
Жүрек толы толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен,
Ешкімім жоқ, ешкімім.
Қайырмасы:
Көктем көңіл бүр жарғанда,
Дауысыңды естідім.
Кешіре алсаң бұл жалғанда,
Кешір мені, кеш күнім.
Бақытым бой бір менің,
Мәңгі қатар жүр ме едің.
Сен жоқ жерде қуанып,
Сен жоқ, жерде күлмедім.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен,
Бір жан жоғын білмедім.
Қайырмасы:
Шықтық талай жолға алыс,
Көңілде көп толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Жүдемесін жанымыз,
Саған деген сағыныш,
Қазір маған қорғаныш.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу