Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  249


Автор: Ибрагим Иса

Қарындасым-қарлығашым

Маған ұқсап келе жатсың талаптанып-ай,
Асқарларға ұша берші қанат қағып-ай.
Ата-анамыз қуанышпен
дейді біздерге:
«Қанаттарым-ай,
қарақтарым-ай!»
Қайырмасы:
Саған әр кез елжіреп
тұрады ішім-ай!
Жүретұғын еркелеп
қуанышым-ай!
әрқашан желбіреп
жанымдасың-ай,
Қарлығашым, қанатым,
Қарындасым-ай!
Жылдан-жылға жарқырайсың
ақылың толып,
Көңілімді бақылайсың
ақырын келіп.
Отырамын ғажайып бір қызық кітапты,
Ерінбей саған оқығым келіп.
Қайырмасы:
Қандай әсем кейде сенің еркелегенің,
Өзіңді ойлап үйге де мен ерте келемін.
Серігім боп көңілімде жүресің әр кез,
Өркенім менің, көркемім менің!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу