Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  78


Автор: Ибрагим Иса

Айнам-ау

Жан екенсің көрікті,
Билеп алдың ерікті.
Шыдамым жүр сарқылмай,
Бұлағым жүр тартылмай.
Қайырмасы:
Жаратылған лағылдан,
Жан ба дедім Айнам-ау.
Айтушысы табылған,
Ән бе дедім Айнам-ау.
Махаббаттың бүршігін,
Ашып кеттің қалайша?!
Жүрегімнің дүрсілін,
Басып кеттің қалайша.
Қайырмасы:
Сағыныштың тілімен,
Безілдедім Айнам-ау.
Өзіңді ойлап түнімен,
Көз ілмедім Айнам-ау.
Өзің бар деп жалғанда,
Жолға шықтым, бағым-ай.
Арман жалғап, арманға,
Алға асықтым бағым-ай.
Қайырмасы:
Өзіңді ойлап түнімен,
Көз ілмедім Айнам-ау!
Осыншама не қылған,
Төзімді едің Айнам-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу