Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  99


Автор: Ибрагим Иса

Сені көргім келеді

Армандарым талайғы,
Тереземнен қарайды.
Ай туғанда арайлы,
Сені көргім келеді!
Қайырмасы:
Аңсатумен өзіңді,
Баурап алдың сезімді.
Ашсам болды көзімді,
Сені көргім келеді.
Жанарыммен жол бағып,
Үміт жібім жалғанып,
Күн шыққанда нұрланып,
Сені көргім келеді!
Қайырмасы:
Өңімде де, түсімде,
Бекзаттардың ішінде,
Нағыз бекзат пішінде,
Сені көргім келеді!
Қайырмасы:
Арман жалғап арманға,
Кеудем сырға толғанда.
Мынау жарық жалғанда,
Сені көргім келеді!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу