Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  95


Автор: Ибрагим Иса

Қарлығашым-ай

Қатайды ма қанатың,
Қарлығашым-ай!
Бірге қанат қағатын,
Қосылып ән салатын,
Серік таптың ба?!
Ұшу үшін жаралған,
Балапаным-ай!
Махаббат қой оянған,
Туып, өскен ұяңнан,
Қанат қақтың?!
Қайырмасы:
Қарлығашым-ай!
Балапаным-ай!
Қанат қақтың ба?!
Серік таптың ба?!
Ұяң басқа қонатын,
Қарлығашым-ай!
Шықты алдыңнан жаңа күн,
Талмай әсте қанатың,
Қалықтағайсың!
Болсын бақыт баянды,
Алтын құсым-ай!
Әкең менен Анаңды,
Ұшып шыққан ұяңды,
Ұмытпағайсың!
Қайырмасы:
Қарлығашым-ай!
Алтын құсым-ай!
Ұмытпағайсың,
Қалықтағайсың!
Қарлығашым-ай!
Балапаным-ай!
Қанат қақтың ба?
Серік таптың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу