Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  96


Автор: Ибрагим Иса

Жанетта - жан құсым

Өзіңсің өмірдің бұлағы,
Өзіңсің көңілдің шуағы.
Әйтеуір ішіміз тек саған,
Қашанда елжіреп тұрады.
Қайырмасы:
Жанетта,
Жанетта,
Жан құсым!
Әнбісің,
арайлы таңбысың,
Бақыттың бейнесі бар болса,
Сол бейне, жан құсым,
Сенбісің!
Біздер жан екенбіз бағы бар,
Сен барда жоғымыз табылар.
Жан бар ма дәл біздей бақытты,
Өзіңді дәл біздей сағынар.
Қайырмасы:
Атқан таң өзіңмен арайлы,
Жеттік қой арманға талайғы.
Сен барда береке, бақыт та,
Біздерге күлімдеп қарайды.
Қайырмасы:
Өзіңсің арманның ән құсы,
Өзіңсің Алланың алғысы.
Сезімсің мәңгілік өшпейтін,
Өзіңсің махаббат тамшысы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу