Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  105


Автор: Ибрагим Иса

Алтын аға

Жарасар әрқашан сәнімізде,
Жүріңіз қамқор боп бәрімізге.
Жылуын бересіз жаныңыздың,
Сүйеу боп келесіз әлі бізге.
Қайырмасы:
Әрқашан бас иіп, табынамыз,
Сәл ғана көрмесек сағынамыз.
Аяулы жеңгемнің берекесі,
Жылуы кетпейтін жанұяңыз.
Ардақтап ағайын, достарыңыз,
Ашық боп тұрды әр кез аспаныңыз.
Еліңнің береке, бақытына,
Ағажан, аз емес қосқаныңыз.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу