Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  236


Автор: Ибрагим Иса

Ақботам

Қос жанарың көркем,
Әппақ болған еркем,
Қайта оралмас қайран көктемім.
Сағыныштан жүдеп,
Жүр ғой әлі жүрек,
Көз алдымнан ұзап кетпедің.
Қайырмасы:
Махаббаттың мекенінде,
Жүрсің бе шын,
Жүрсің бе шын, Ботам.
Өзге ауылға кетерінде
Күрсінбеші,
Күрсінбеші, Ботам!
Сағындым ғой десем,
Естімейсің бе сен,
Айналайын менің, аңсарым.
Басқа әуенге түспей,
Қосыларсың іштей,
Өзіңді іздеп егер барса әнім.
Қайырмасы:
Кездесе алмай жүрміз,
Сен көрсеткен жұлдыз,
Сол орнында әлі тұр қарап.
Шаттығым боп қалшы,
Түспесін тек тамшы,
Кірпігіңнен төмен сырғанап.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу