Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  103


Автор: Ибрагим Иса

Келер күндер

Әкелер сыйлаған мәңгілік шаттығын,
Аналар сыйлаған ән ғылып пәк күнін.
Әлемнің уақыты,
Адамзат бақыты
тұрады күн шығып!
Жоғалмайды, жоғалмайды тіршілік!
Қайырмасы:
Аяулы сырласым,
Дүние жырласын!
Өмірдің жалғасын үзбейік!
Тыныштық – тірлікке баспалдақ сияқты,
Жүректен жүрекке сарқылмас күй ақты.
Жер беті арайлы,
Алтын нұр тарайды,
тұрады Күн шығып!
Қандай әсем, қандай әсем тіршілік!
Қайырмасы:
Қайрылмай өтеді күндер де, түндер де,
Белгісіз келер күн не сыйлар кімдерге.
Армандар алға асқан,
Ғажайып таңғы аспан,
келеді Күн шығып!
Еркелесін, еркелесін тіршілік!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу