Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  131


Автор: Ибрагим Иса

Әппақ қарағым-ай

Әппақ қарағым-ай,
Тоқтап қарадым-ай!
Қимай өтетін жалған-ай,
Ғашық жүрек қорған-ай!
Бақыт баспалдағы,
Айдай аспандағы
Қайда алаулы шағың-ай,
Қалай жүрсің сағынбай!!!
Қайырмасы:
Ғашық бола ма осылай?!
Бақыт жолы қашық-ай!
Асып – тасатын арманды,
Қалай кеттік шашып-ай.
Бағың ашылды ма?
Қайран аяулы өмір-ай,
Ойран болған көңіл-ай!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу