Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  141


Автор: Ибрагим Иса

Отандастар

Армандары алға асыққан,
Бір мақсатпен жолға шыққан, Отандастар!
Сенімдері аялаған,
Күш – қайратын аямаған, Отандастар!
Шөл даланы орман қылған,
Әділдікті қорған қылған, Отандастар!
Далаларды ырыс қылған,
Бар адамды туыс қылған, Отандастар!
Қайырмасы:
Арқалаған уақыт жүгін,
Отандастар, Отандастар!
Мен сендермен бақыттымын!
Тосып тұрған сенімі алдан,
Еркіндігін жеңіп алған, Отандастар!
Көк төсінен көз алмаған,
Қиянатқа төзе алмаған, Отандастар!
Тыныштық деп ән салатын,
Туыстық деп тамсанатын, Отандастар!
Тура жолдан таймайтұғын,
Болашағын ойлайтұғын, Отандастар!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу