Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  94


Автор: Ибрагим Иса

Жол сақшысы

Жолға шықсаң,
Байланысты оған күнің.
Ол қонағы
Жарықтың да, қараңғының.
Жол сақшысы,
Жақының да, жанашырың
Тілейтін тек,
Жолаушының амандығын.
Қайырмасы:
Нота күткен,
Қолыңдағы таяқтардан,
Көліктердің
Дирижері сияқтанған,
Жол сақшысы
Сенің қимас әкең сынды,
Баласына,
Ақ жол тілеп қарап қалған.
Көшеде көп
Бақылаудың керек жері,
Жол сақшысы –
Көліктердің дирижері.
Нота бұзсаң,
Бұзылады әсем әуен,
Не болады,
Бұзсаң егер ережені?!
Қайырмасы:
Бөтен оймен,
Қарасаң да алғаш оған,
Деп ойлайды ол:
Сені түзу жолға салам.
Саған парыз –
Ошағыңа оралуың,
Оған қарыз –
Ата-анаң мен бала-шағаң.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу