Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  107


Автор: Ибрагим Иса

Жүрек сыры

Махаббат, күшің неткен тылсым,
Аялап жүректерде жүрсің.
Сөздермен шығармайтын сырсың,
Кез-келген шыға алмайтын шыңсың.
Қайырмасы:
Аялағансың,
аямағансың
қанша жанды,
Таныстырғансың,
табыстырғансың
аңсағанды.
Сағыныш боп шырылдайсың күрсінсем,
Жүректегі өшпей тұрған нұрсың сен!
Махаббат айдынына қонған,
Қаншама өтті-ау Аққу-Арман.
Әніне ғашық жандар салған,
Қосылып тұрғандай-ау жалған!
Қайырмасы:
Аңсатып, сағындырып жеткен,
Махаббат – жүректегі көктем.
Шуағың түссе еріп кеткен,
Ғажайып құдіретсің неткен!
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу