Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  223


Автор: Ибрагим Иса

Жасай бер, Қызылорда!

Ғасырлар көші кетті,
Қалдырып өсиетті.
Бабамыз жатқан дала,
Қорқыттай қасиетті.
Қайырмасы:
Жұлдызы жанған қала,
Астана болған қала.
Бақыт құсы қонған қала,
Жасай бер, Қызылорда!
Ақ маржан дәні болған,
Сұлу сыр – сәні болған.
Сыр елі – жыр елі бұл,
Таймайтын бағы қолдан.
Қайырмасы:
Жұлдызы жанған қала,
Астана болған қала.
Бақыт құсы қонған қала,
Жасай бер, Қызылорда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу