Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  98


Автор: Ибрагим Иса

О, қымбаттым, жымиясың жайқалып...

О, қымбаттым, жымиясың жайқалып,
Қай уақытта кездесем де сенімен.
Ерініңнен тұрғандай-ау бал тамып,
Балдан басқа ештеңеге теңемен.
Тәтті балдан ойылады тіліміз,
Жетер енді!
Жетер жерге жетіппіз...
Балға теңеп бірімізді біріміз ,
Әлде қашан ащы болып кетіппіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу