Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  114


Автор: Ибрагим Иса

Тырна мен қарға

Ертеде бір бойдақ Тырна болыпты,
Семья жоқ –
Кемшілігі бір ғана.
Ойда жоқта бір Қарғаға жолықты,
Әлгі Қарға ұнап капты Тырнаға.
Тырна байғұс шылп-шылп кешіп лайды,
Сол Қарғаға сөз айтуға келіпті:
«Ақ Қарғашым,
Тек қолыңды сұраймын,
Сенсің маған дүниедегі көрікті!
Өмір бақи өтер едім аялап,
Өтінемін маған жар бол!» дегенде:
Сен бе ең енді жетпегені қу аяқ,
Жоғал, депті, жақсылар көп сенен де!
Тырна байғұс шылп-шылп кешіп лайды,
Қайтты үйіне әбден қашып реңі.
Қамығып кеп төсегіне құлайды,
Күйініштен қарс айрылып жүрегі.
2
Қара Қарға солай өмір сүріпті.
Тырна көңіл білдіргенде бір келіп...
Бейшараны үйден қуып шығыпты,
Балағаттап желкесінен итеріп.
Қарға бірақ дәңбекшіпті түнімен:
«Қалай өмір сүремін, деп, Тырнасыз?»
«Аһ» лапты,
«Уһ» лепті шынымен,
Сағыныштан дал болыпты бір басы.
Енді Қарға шылп-шылп кешіп лайды,
Тырнаға өзі барған екен жалынып:
«Қояйықшы әңгімені былайғы,
Келісемін,
Өзім келдім сағынып!»
– Жоғал, кәне!
Саған деген кек қатты!
Қара албасты көрінбе енді, кет!-депті.
Қарға байғұс шылп-шылп кешіп батбақты,
Қайғы арқалап өз үйіне беттепті.
3
Олар сөйтіп бірін-бірі жуытпай,
Қалдырапты бір-бірінің көңілін.
Қыз-жігіттер,
Әр кайсысың ұмытпай,
Есте ұстаңдар, әлігілердің өмірін.
Бақытыңды басқа тепсең – азабың,
Ойсыз шешім-бола алмайды ақылшың.
Қарға, Тырна жалғыздықтың азарын
Тартты солай,
Түсіндің бе, оқушым!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу