Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  143


Автор: Ибрагим Иса

Сипаймын бұлақ – шашыңнан...

Сипаймын бұлақ – шашыңнан –
Қап-қара болып төгілген.
Келмейді кеткім қасыңнан,
Қолыңнан ұстап сенің мен
Балғындығыңа тамсанам.
Ерніңе ерін тимеген...
Қайғыдан басқа мен саған
Білмеймін, қандай сый берем?
Кеудеге желік – бу берген,
Махаббат басқа,
мен басқа.
Бір сәттік жүздесулер мен
Көріспес көп күннен басқа,
білмеймін не болатынын,
Қалардай жүрек жырланбай,
Ерніңнен сүйем ақырын
соңғы рет сүйіп тұрғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу