Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  81


Автор: Ибрагим Иса

Ақырғы түн

Ызғырған дала
желі мұң,
күз түні жеңіл киіне,
жалғыз жан Дмитрий Кедрин,
Асығып еді-ау үйіне.
Сөйлейтін қайда болмасын,
Танымаса да, танысым.
Сүйдім мен оны өз басым,
Тап-таза мөлдір жаны үшін.
Қан жуған қызыл сол кеште
Жарқ етті алмас пышақтар!
Кедрин жаны келмеске
Кетті ғой өмір – құшақтан.
Айтады ел: рухы өлместен,
Тұрды ол қызу қаны ойнап, –
Жан алғыштары күн кешкен,
Әулие ғой бұл, – деп ойлап.
Аян берді ол маған толғанып,
Сабырлы қалпы, есімде!
Жан алғыштарға таң қалып,
Өлер алдында: «Не үшін?» – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу