Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  96


Автор: Ибрагим Иса

Қар жауды

Қар жауды да –
ұмытылды барлығы,
Көкіректі кернеген күй тарапты!
Жүрегім де баяу соғып қалғыды,
Масаңдаумын ішкендей от шарапты.
Енсіз көше жиегімен сырғиды
Қарды үйіріп әкетеді жел тымық.
Көне орыстық өрнектермен нұр құйды,
Шағын қала өз жасауын келтіріп.
Қар ұшып жүр София храмы көгінде
Балалар жүр қардан көзін ала алмай,
Қар ұшып жүр Россия жерінде,
Қар ұшып жүр қуанышты хабардай.
Қар ұшып жүр – қара, тыңда
сен де енді!
Міне, осылай жай сиқырлап алмақшы,
Өмір жанды мезгілмен де емдейді…
Ал жарайды! Болсын солай, ал жақсы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу