Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  122


Автор: Ибрагим Иса

Қарағай шуы

Қашан келсем қалпыңдасың сол әлі,
Қарағайлы көне Липин орманы,
Жел күшейіп,
соғар қардың бораны,
Сыбдырласып ағаштармен жолдағы.
Қандай ғана орыс жұрты бұл деген!
Қарағайдың шуына мен тоймадым.
Жарқырайды аппақ асыл нұрменен,
Елеусіздеу іңірдегі ойларым.
Аудандағы қонақ үйге жайғастым,
Шылым шегіп,
кітап оқып,
пеш жағып.
Бүгін түнде, білкім, ұйықтай қоймаспын,
Кейде ұйқыны керегі жоқ еске алып!
Ұйқы қайда,
әлдененің сарынын
Естідім де,
ғасыр даусын әлде мен.
Өшкен де жоқ көрші барак жарығы,
Шағылысып жалт-жұлт етіп қарменен.
Бет қарыған аяз болсын ертең күн,
Жабырқасам, берілсем де мұңға мен.
Ұйықтамаймын, маған қызық ертегі –
Қарағайдың шуын ұзақ тыңдар ем…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу