Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  80


Автор: Ибрагим Иса

Қонақта

Қараңғы аула.
Тұрды біреу бұрышта.
Сол бір сұлба болар Достаевский.
Әйнегінен шамы өшпеген келісті үй,
Жарқын нұры сіңіп жатыр қуысқа.
Шатыр-шұтыр жай ойнады көгімде!
Соғып өтті аула ішінде жел ұйтқи.
Дір-дір етті сонда Достаевский,
Бүкірейіп бара жатты, көрінбей….
Мүмкін емес, оның өзі болмауы!
Сол бір елес тұрмас мені босқа арбап,
Сарғыш от пен кір-кір болған баспалдақ,
Найзағай мен төрт қабырға сондағы!
Сол елеске сеніп келем ақыры,
Үйіне қарай, жайлап басып маңызбен.
Қап-қараңғы қорқынышты дәлізбен
Тағзым етіп, келеді ертіп ақынын…
Қайда әкеліп тастады мен сорлыны!
Көрген жоқсыз сіз де мұндай жайды әлі,
Мұндай түс те келмес сізге айналып,
Жолатпасын сізге тірлік қорлығын!
Аш қасқардай ішеді ақын сіміріп,
Қозғалмастан, портретке түскендей,
Бұрынғыдан нығыз отыр үстелде,
Үнсіз, тіпті селт етпейді бұрылып…
Алдында оның Құдайдай боп сыңай өр,
Қала адамы, жұқарған соң жүйкесі,
Шылым шегіп отыр бөтен бір әйел…
– Неге шылым шегіп тұрсың, бикешім?
Ол айтады:
Дүние мәңгі емес,– деп, –
Жүрген жолың –кезіп өткен жел, –дейді.
Аюға ұқсас бір бәлелер елестеп,
Түні бойы оған ұйқы бермейді.
Ол айтады:
Жаралдық,– деп, – бір қаннан,
Сосын мені саусағымен нұсқайды.
Маған қиын қалпымда осы мұңданған,
Жымиям да,
еңсемді тік ұстаймын.
Ойладым мен:
Ақынсың, –деп, –қайдағы,
Жүргеніңде ырду-дырду думанда,
Сол думаннан әсем лира туған ба?...
Деген дауыс жауабынан таймады.
Шын сендіріп,
ойын шырмап күнәкәр,
Жүйкелердің жүйесімен әлдебір.
Оқыс айқай,
пендені ауыр халдегі,
Барлығын да күлдірер, я жылатар!
Шықты бәрі,
Көрші қарап есіктен,
Тәтейлер жүр дүбірлетіп бөлмені,
Сөз бітпейді,
Босап арақ шөлмегі,
Терезеден таң көрінді кешіккен!
Сылбыр жауын созылды да үш күнге,
Тағы тұман,
суық бетті қарып тұр….
Қалың тобыр қоршап алып табытты,
Дейді-ау біреу:
«Өлді ол … жұмыс үстінде».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу