Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  99


Автор: Ибрагим Иса

Шегір гүлдер

Үстімдегі күпәйкемді кір басқан,
Келем жолда,
көмді-ау әбден шаң бетті.
Кенет жайсыз,
ашық үнмен тынбастан
Радиола жақын жерден саңқ етті:
– Шегір гүлдер сатылады!
Орман гүлі бұл деген!
Шегір гүлдер сатылады!
Жаңа ғана гүлдеген!
Теңіз жаққа ышқынып бір жөнелдім!
Ойланбастан тастап кеттім үй-жайды.
Ығы-жығы кеңседегі көбі елдің,
Сапары ұзақ кемеге ал деп қинайды.
Жалбарындым,
есік бақтым мен дағы,
Өлесі мас,
өңмеңдеген сөзі өктем,
Теңізшілер күлді,
көңілім қалғаны,
Мазақ етті,
«баласың, –деп, – боз өкпе…»
Не үшін ғана менің албырт жанамды
Толқын күйі торықтырды,
толқытты.
Жағаға кеп алар, ол да дамылды,
Көбік шашып ысқырған соң жел тіпті.
Теңіз бенен көк аспаннан дөңгелек,
Және басқа да айдын асқан арнадан,
Тек қана нан, маған ыстық нан керек!
Жетер енді, радиола, сарнама…
Ақшыл түсті автобусқа мен де кеп,
Отырдым-ау рахатты тапқандай.
Ана жақтан глобустай дөңгелеп,
Билетімді тексерді әйел ақмаңдай.
Сұмпайы деп айқайлады ол маған,
Шіріп кеткен жеміс деп те тілдеді…
Бұдан өткен қорлық болмас оңбаған.
Эх, ақмаңдай, осы болды-ау білгенің!
Сұрамай-ақ қойсаң етті билетті,
Тас қамал боп тұрып алмай жолыма,
Мен ол үшін қолыңыздан сүймекпін,
Сүйгендей боп анашымның қолынан!
Айқай-шудың ортасында тірлігім,
Біздің сауда қызып-қызып тұр енді.
Жұрт обығып итереді бір-бірін,
Біреу бірін тағы итерді біреуге.
Гайка үшін де жыртып жатыр жағасын,
Орыс, неміс, эстон,
неткен бәтшағар о ! …
Күпәйке сатып алғын, ағасы,
Берем жалғыз қызыл құйрық ақшаға…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу