Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  136


Автор: Ибрагим Иса

Поль Верленнен

Жүдеу бақта
салып жатыр күз бүлік,
түйіп алып қабағын!
Мүлгіп тұрған
қарағайлар ызғырып,
Долданады бораның!
Жел гулеген бақтан
үнсіз кетемін,
Жарып өтіп түнді мен,
Төбемдегі шатыр
бағзы мекенім –
Тыныштықта мүлгіген.
Жанады пеш жалын отын аудармай,
Бұрынғы орны жерде осы,
Көз жауын ап жалт-жұлт етер гауһардай
Сақинаның сәулесі.
Біреуді аңсап,
өзімді оймен жүдетем,
Қиял кезіп әлемді…
Есігімді ұрып тұрған
кім екен?
Тыныштықтан айрыламын мен енді.
Ах, жалмауыз
кемпір-күз бұл алжыған,
Түйіп алған қабағын,
Қарағай мен
мені түртіп,
қалғыған,
Тыншымайды бораның!
Қайда барып тығыламын бораннан,
Кімнен сауға сұраймын?
Есіме алып
өткен жайды оралған,
Сосын үнсіз жылаймын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу