Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  85


Автор: Ибрагим Иса

Помпа сынды, тыныстаймын мен де жай...

Помпа сынды,
тыныстаймын мен де жай,
Дәл осылай болатынын кім білген,
Кереуетте жатырмын нән бомбадай, –
Жақындама!
Жарылғалы тұрмын мен!
Шіркін, мені қонақ бол деп шақырса,
Бір-ақ сәтке, болса қызық болмаған.
Вася мысық, сол бір үйде ақынша,
Өлеңдерін жатқа оқыса ол маған!
Оқыса ғой Майковыңды, Фетіңді,
Оқыса ғой жаңғыртып бір бөлмені.
Оқи берсін ақындарды не түрлі,
Оқымай-ақ қойсын бірақ ол мені.
Мен осылай қиялдап та үлгердім,
Будақтатып төбеге көк түтінді.
Сенің мынау пәтеріңде бұлбұлдың
Үніндей боп қоңырау үні жұтылды.
Аптығып тез сұрайсың-ау желікпен,
Есік жақта қуаныштан желбіреп:
– Кім?
– Марина.
– Жаным-ау,
– Сен Эрик пе ең?
Жүгірдің –ау
– Мама, Эрик келді!,– деп.
Басындағы қырауы оның еріп көп,
Қанында бір толқын ойнап тұрғаны.
Саған қарай төніп,
төніп,
төніп кеп,
Шертіп жатыр махаббаттың сырларын.
Ура!
Одан асқан жан жоқ еңселі!
Оған мүлдем күмәнданба,
қамықпа…
Пәтеріңде болар үлкен той сенің –
Музыка да,
шарап және жарық та.
Болсын солай!
Үйің сәнін тауыпты.
Болсын көңіл, жиһазың да нұрлы, әсем…
Ақын халқы бола қоймас қауыпты,
Ашуына тиіп кетіп жүрмесең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу