Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  90


Автор: Ибрагим Иса

Белгісіз біреу

Қарлы боран.
Көзге түртсе көргісіз.
Келе жатты ол,
науқас,
іші ұлиды.
Ормандағы деревняның белгісіз,
Шетіне кеп,
қақты есігін бір үйдің.
Үйге оны кіргізбеді,
топастау
Қатын еді есік ашқан,
қарашы.
Деді сосын,
күткен жандай шайқас, дау:
– Қаңғыбас, я ұрысың ғой шамасы.
Жүре берді ол.
Қаһарланып ойнаған,
Боран жолын қармен мықтап жауыпты.
Әрең,
әрең шықты ол аяз жайлаған,
Өлі өзеннің жағасына қауіпті.
Селк етті де,
сосын сәл-пәл жөнделді,
Талықсыды,
тұра алмады қарға нық…
Айқайламай,
үн шығармай жан берді,
Білген еді өлетінін жолда анық.
Өліп кетті ол,
түтеп тұрған дала қар…
Жатты жұрттың бықсып,
өршіп таласы.
Бір тоқтамға келді дағы,
деді олар:
– Қаңғыбас, я ұры шығар шамасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу