Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  110


Автор: Ибрагим Иса

Терезе. Стол. Алаша.

Терезе.
Стол.
Алаша.
Терезеден әрі – айдын.
Ойдағы өлең – тамаша,
Қағазға түсіп – қарайды.
Уақыт та зулап көп өтті,
Көлеңке – жарық арбасқан.
Өзенде жұлдыз – демек, түн,
Күн шықты – жарық болды аспан.
Кірмейді өзен есепке,
Күндіз бен түн де кірмейді.
Сүйресе бір ой төсекке,
Бітпеген жырым «тұр» дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу