Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  103


Автор: Ибрагим Иса

Ақырына дейін...

Соңына дейін,
Өлгенге дейін,
Адалдыққа жан
Болсыншы бейім!
Алдында
қайың тоғайларының,
сап-сары жақұт, сүйікті ән.
Алдында
қырман сарайларының,
Сылбыр жауында бұйыққан,
Алдында қатал ауылсоветтің,
Алдында
сиыр, тарғыл төбеттің,
Алдында
мынау жарық дүниенің,
Ант етемін!
Таза күйдемін.
Адалдыққа жан
Болсыншы бейім,
Соңына дейін,
Өлгенге дейін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу